Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді

Опубликовано:

Өскеменде президенттің атынан ауызашар берілді
Өскеменде президенттің атынан ауызашар берілді. Фото: ШҚО әкімдігі

Бүгін Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан үш жүзге тарта ораза тұтқан жамағатқа ауызашар берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Бүгін қасиетті мерекеде "Халифа Алтай" орталық мешітінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көпшілікке арнап ауызашар беріп отырмыз. Баршаңызға күш-жігер, жарқын көңіл, зор денсаулық, табыс тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз бен берекеміз арта берсін", – деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Ауызашарға өңірдің зиялы қауім өкілдері, қоғам қайраткерлері, түрлі салада еңбек еткен ардагерлер, еңбек адамдары және жастар қатысты.

Өскеменде президенттің атынан ауызашар берілді
Өскеменде президенттің атынан ауызашар берілді. Фото: ШҚО әкімдігі

Облыстық мешіттің бас имамы Ермек қажы Мұқатай он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айының қадір-қасиеті, ұрпақ тәрбиесіндегі дәстүрлі дініміздің алар орны жайында сөз қозғап, жамағатқа ауыз аштырып жатқан ел ағаларына ризашылығын білдірді.

Өскеменде президенттің атынан ауызашар берілді
Өскеменде президенттің атынан ауызашар берілді. Фото: ШҚО әкімдігі

Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті Ережеп Мәмбетқазиев және басқа да зиялы қауым өкілдері бұл кеште ел бірлігі, ұлт тұтастығы жөнінде салиқалы ой өрбітті.

Өскеменде президенттің атынан ауызашар берілді
Өскеменде президенттің атынан ауызашар берілді. Фото: ШҚО әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069304-sqo-da-memleket-bassysynyn-atynan-auyzasar-berildi/

pixel