Қазақстандық бизнесмен Бақыт Ибрагим қайтыс болды
Жарияланған күні:
Алматыда қазақстандық кәсіпкер, Qazaq bank-тің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимнің денесі табылды. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Белгілі кәсіпкердің өлімі жайлы алдымен журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында хабарлады.
"Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеубаласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің денесі табылды деген ақпарат келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған", - деп жазды Козачков.
Алматы полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне бұл ақпаратты растады.
"Аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп мәлімдеді ПД өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069322-qazaqstandyq-biznesmen-baqyt-ibragim-qaza-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.