jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Су тасқыны болуы мүмкін": ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Көшеде еріген су
Көшеде еріген су. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда қардың қарқынды еруі салдарынан таулы аудандарда су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ТЖД ақпаратынша, орташа тәуліктік температураның жоғарылауына және қардың қарқынды еруіне байланысты 16-18 наурыз аралығында таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Нәтижесінде Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда су тасқыны болуы мүмкін.

"Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуды ескертеді.

Сондай-ақ су қоймаларында мұз жамылғысының әлсіреуі туралы еске саламыз. Мұзға шықпаңыз, өміріңізді сақтаңыз!", - делінген хабарда.

"Су тасқыны болуы мүмкін": ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.