jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Аргентинада іздеуде жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ұсталды

Андрей Хазбулатов
Андрей Хазбулатов. Фото: cultural.kz

Аргентина аумағында ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Андрей Хазбулатов ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, өткен жазда ер адамды елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін халықаралық іздеуге салған.

Ол 196 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Андрей Равильевич Хазбулатов философия ғылымдарының докторы (PhD), доцент, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі мәдени саясатының тұжырымдамасының, "Кинематография туралы" заңының авторлары мен әзірлеушілерінің бірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Аргентинада іздеуде жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.