Рудныйда әйелімен ұрысып, қаладан кетіп қалған ер адам далада үсіп қала жаздаған
Жарияланған күні:
Рудный қаласының 62 жастағы тұрғыны әйелімен ұрысып қалып, қаладан саяжай үйіне кеткен. Ол жолда қар құрсауында қалып қойған. Ер адамды полиция мен күзетшілер құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-дағы арнасында.
Ведомство мәліметінше, ер адам көлік тоқтатып біраз жер жүрген. Алайда саяжайға жол болмағандықтан сапарын жаяу жалғастырған. 1,5 шақырым жүріп өткеннен кейін қар құрсауында қалып қойған. Кешқұрым күзетшілер аумақты бақылап жүріп адам іздерін аңғарған.
"Іздерді көріп ұрылар екен деп ойладық. Алайда от жағып жылынып отырған адамның үстінен түстік", - дейді күзетшілердің бірі.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Серік Оспанов пен Асхат Алдешов келді. Ер адам астматик және қатты суықтан аяқтары тартылған.
"Біз Рудный тұрғынын жылыту үшін көліктің чехолына жатқызып, қызметтік көлікке дейін сүйреттік", - деді Серік Успанов.
Зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлерге тапсырылды. Адасқан ер адамның жұбайы күйеуін құтқарғандарға алғыс білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069463-rudnyida-aielimen-urysyp-qaladan-ketip-qalgan-er-adam-dalada-usip-qala-zazdagan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.