Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда пияз астығы құрып кеткені рас па: министрлік жауабы

Опубликовано:

Пияз жоғалып барады
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда пияз астығының азайып кетуіне қатысты ақпаратқа жауап берді. Ведомство қабылданған шаралар мен оның саны туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі пияздың азайып кетуіне қатысты ақпаратқа жауап берді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, пиязды өндіру көлемі қазіргі сұраныстан үш есе көп.

"Жылдық өнім - 1,1 млн тонна, ал тұтыну орташа есеппен - 315 мың тонна. Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстары пияз жинайтын негізгі аймақтар саналады.

Сонымен қатар отандық пияз өндірісінің жеткілікті болуына қарамастан, баға өткен жылдары, әсіресе маусымаралық кезеңде үнемі өсіп отырды. Бағаның айтарлықтай өсуі фермерлер пиязды делдалдарға – ірі көтерме сауда базалары мен базарларға сатқаннан кейінгі кезеңде болды", – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы егін жинау науқаны басталғанда көтерме баға бұрынғы деңгейіне – килограмына 132-134 теңгеге оралды. Биыл олардың бір келісі 107-114 теңгеге дейін арзандады.

"Нарық қатысушыларының айтуынша, өткен маусымға қарағанда, 2023 жылдың күзінің басынан бері пиязға сұраныс айтарлықтай төмендеп, фермерлер пиязды келісін 40 теңгеден нарықтық бағамен сата алмай қалды. Ал қазір пиязын сатпақшы болғандар ұсынысты арттырған кезде баға бір келісі үшін 15-20 теңгеге дейін төмендеді.

16 наурыздағы жағдай бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілерінде 160 мың тоннаға жуық пияз сатылмаған. Оның 138 мың тоннасы Жамбыл облысына, 22 мың тоннасы Алматы облысына тиесілі", – деп хабарлады ведомстводағылар.

Ресей аумағы арқылы Балтық елдері мен Грузияға жөнелтілімдерді жоспарлау кезінде импорттаушылар тарапынан сұраныстың төмендеуі аясында артық өндіріс пен көлік логистикасы проблемасы пияз қорының жиналуына және бағаның төмендеуіне ықпал еткені атап өтілді.

Сондай-ақ күн жылынып, тоңазытқыш қондырғылары бар арнайы қоймалар болмағандықтан, қоймаларда пиязды сақтау проблемасы туындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069703-qazaqstanda-piyaz-astygy-quryp-ketkeni-ras-pa-ministrlik-zauaby/

pixel