17 алаяқтық оқиғасы: Түркияда күдікті қазақстандық әйел ұсталды
Жарияланған күні:
Түркияда ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Қазір полицейлер бұл іс бойынша 17 фактіні анықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.
"ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша Түркияда алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген әйел ұсталып, елден шығарылды", - деп хабарлады ІІМ Polisia.kz Telegram-арнасы.
Әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған. Полиция алаяқтықтың 17 фактісін тергеп жатыр.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, алаяқтық:
- түзеу жұмыстарына немесе 4000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға (14,7 млн теңге);
- немесе 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға;
- немесе 7 жылға дейін бас бостандығын шектеуға;
- немесе мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069706-17-alayaqtyq-oqigasy-turkiyada-kolik-satu-kezinde-alayaqtyq-zasady-degen-kudikpen-qazaqstandyq-aiel-ustaldy/