jitsu gif branding logo appbranding logo app

17 алаяқтық оқиғасы: Түркияда күдікті қазақстандық әйел ұсталды

17 алаяқтық ісі бойынша күдікті
17 алаяқтық ісі бойынша күдікті. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Түркияда ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Қазір полицейлер бұл іс бойынша 17 фактіні анықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.

"ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша Түркияда алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген әйел ұсталып, елден шығарылды", - деп хабарлады ІІМ Polisia.kz Telegram-арнасы.

Әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған. Полиция алаяқтықтың 17 фактісін тергеп жатыр.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, алаяқтық:

  • түзеу жұмыстарына немесе 4000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға (14,7 млн теңге);
  • немесе 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға;
  • немесе 7 жылға дейін бас бостандығын шектеуға;
  • немесе мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
17 алаяқтық оқиғасы: Түркияда күдікті қазақстандық әйел ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.