Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Іздеуде жүрген Kazakhstan Kagazy экс-директоры Мақсат Әріп БАӘ-де ұсталды

Опубликовано:

Айыпталушы
Уақытша ұстау изоляторы. Көрнекі фото: Максим Золотухин

Іздеуде жүрген Kazakhstan Kagazy экс-директоры Мақсат Әріп БАӘ-де ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды", - деп хабарлады ҚР ІІМ ресми ресурсы Telegram-да.

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті оған іздеу жариялаған болатын.

Айта кетейік, Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069769-izdeude-zurgen-kazakhstan-kagazy-eks-direktory-maqsat-arip-baa-de-ustaldy/

pixel