Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көші-қон заңнамасын бұзған 121 шетелдік азамат елден шығарылды

Опубликовано:

Полицей жауап алуда
Полицей. Көрнекі фото: polisia.kz

Республика аумағында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бес күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңнан астам дерегі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиапорталы.

Медиа портал мәліметінше, "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша мынадай заңсыздықтар анықталған:

  • елде жүру ережелерін бұзғаны үшін 4475 шетелдік;
  • заңсыз жұмыс істегені үшін 2118 шетелдік;
  • 613 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін;
  • 2624 жеке және заңды тұлға өздерімен бірге жүрген шетелдіктер туралы полицияға дер кезінде хабар бермегені үшін жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар қос азаматтықтың 9 фактісі анықталды, шетелдіктерге елде тұруға берілген 113 ықтиярхат күшін жойды.

"Көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығару туралы 850 сот шешімі шығарылды. 121 шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды. Депортацияланғандарға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Іздеуде жүрген 37 шетелдік ұсталды", -делінген хабарламада.

Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға шақырылған шетелдік азаматтардың елден уақытылы кетуін ұйымдастыру қажеттігін еске салды.

Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің сақталуын қалайтын азаматтардың арқасында полицейлер бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Мысалы Алматыда жеке жатақхана иесі жатақханада тұратын күдікті адамдар туралы көші-қон қызметіне арызданған.

Тексеру барысында 30 шетелдіктің келу мерзімін бұзғаны анықталды. Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу және анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069856-kosi-qon-zannamasyn-buzgan-121-seteldik-azamat-elden-sygaryldy/

pixel