jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Алматыда Lexus көлігінен 17 мың доллар ұрланған

polisia.kz
Көліктен қомақты қаржы ұрланды. Көрнекі сурет: Көліктен қомақты қаржы ұрланды

Алматыда көліктен қомақты қаржы ұрланды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматының Бостандық ауданында орналасқан автотұрақтан 17 мың доллар ұрланған.

Қаскөйлер Lexus көлігінің иесі жоқтығын пайдаланып, есік құлпын сканер арқылы ашып, сол жерден ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен.

"Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, арнайы іс-шаралар кешені жүргізілді. Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олар – Алматы облысының әртүрлі ауылының тұрғындары.

Күдіктілердің тұрғылықты жерлерінде тінту жүргізіліп, қылмыстық іс материалдарына заттай айғақтар қосылды. Сонымен қатар қылмыс болған жермен шектесетін аумақтардың бейнебақылау жүйелеріне жан-жақты талдау жүргізілді", – деді Алматы қалалық ПД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Алматыда Lexus көлігінен 17 мың доллар ұрланған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.