"Министрге Түркиядан дұғай-дұғай сәлем": депутат қазақстандық дәрігерлер шетелде сабаққа бармай жүргенін айтты
Жарияланған күні:
Мәжілісте денсаулық сақтау министрімен кездесуде депутат Ринат Зайытов Түркияда білім алып жатқан қазақстандық дәрігерлер оқудың орнына қыдырып жүргенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Депутат Зайытов Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназаровадан қазақстандық дәрігерлерді шетелде оқытуға мемлекеттен жылына қанша қаражат бөлетінін сұрады. Министр 300 миллион теңгенің көлемінде қаржы бөлінетінін айтты.
"Министр ауыса береді, әр министрге айтқанымызды қайтадан келіп айтамыз. (...). Аз ақша емес. Таяуда Түркияда болдым. Сол жердегі көп азамат: "Сіздің денсаулық сақтау министріне дұғай-дұғай сәлем. Мына жақтан адамдар жіберіп оқытқаннан ешқандай пайда жоқ",– дейді.
Себебі жасыратыны жоқ ол жаққа барған біздің дәрігерлердің оқығаннан көрі қыдырғаны көп болады екен. Енді олардың айтып отырғаны: "Сол ақшаға түріктің бір маманын алдырып, неге сол жақта оқытпайды. Мына жақта жаңадан алдырған озық технология мен қанша құралдар бар. Бұл он есе тиімді болатын еді ғой", – деп жеткізді депутат түрік азаматтардың сөзін.
Министрге қойған сауалында Ринат Зайытов денсаулық сақтау мәселелері бойынша бірден бірнеше сұрақ қойды. Әрқайсысы егжей-тегжейлі қарастыруды қажет ететіндіктен, Денсаулық сақтау министрлігі аталған тақырыптар бойынша дөңгелек үстел өткізуге келісті, сондықтан әзірге депутаттың мәлімдемесі жауапсыз қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070219-ministrge-turkiyadan-dugai-dugai-salem-deputat-qazaqstandyq-darigerler-setelde-sabaqqa-barmai-zurgenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.