Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында қызметке кірісті (фото)

Опубликовано:

Голан жоталарында қызмет атқарып жүрген қазақстандық бітімгерлер
Қазақстандық бітімгерлер. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында қызметке кірісіп кетті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ұлттық бітімгерлік контингенттің әскери қызметшілері БҰҰ миссиясындағы жедел әрекет ету күштерінің іс-қимыл алгоритмімен және базаның инфрақұрылымымен танысып қана қоймай, күнделікті қызметке кірісіп те кетті", – делінген ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, 14 наурызда Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Қарулы күштердің бітімгерлік контингентін "БҰҰ-ның Голан жоталарындағы бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" миссиясына шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Кейін Қарулы күштердің әскери қызметшілері Қазақстаннан Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, Фауар бітімгерлік базасына дейін көлікпен жеткенін жазған едік.

Базаның орналасқан жеріне қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау жөніндегі міндеттерді орындауға арналған әскери техника мен мүлік жеткізілді. Қазақстандық жасақтың құрамында 139 әскери қызметші бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070264-qazaqstandyq-bitimgerler-golan-zotalarynda-qyzmetke-kiristi-foto/

pixel