Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурыз: Almaty TV жаңа маусымын бастайды

Опубликовано:

Алматы телеарнасы
Фото: almaty.tv

Өзінің 25 жылдығына орай "Almaty" телеарнасы көрермендерді жаңа телемаусымымен қуантуға дайын, деп хабарлайды Almaty.tv.

Наурызға арнап телеарна жарқын әрі рухты бағдарламалар дайындап отыр. Олардың ішінде "Біржан-Сара ізімен" айтысының жалғасы, "Алматы ән қанатында", көрермен көзайымына айналған музыкалық шоу "Жұлдызды караоке", "Кешкі Алматы" сияқты бағдарламалар бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне берген көлемді сұқбатында Наурыз мерекесінің қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екенін атап көрсетті.

"Наурыз - жаңарудың белгісі, сондықтан оны жаңаша: ерекше бір элементтер енгізіп, мағыналы, креативті түрде тойлау керек. Бұл қоғамның бірігуіне, біздің ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға ықпал етеріне сенімдімін", - деген еді ел президенті.

Көктем мен жаңару мерекесінің құрметіне телеарна бірқатар отандық кино және анимация өнімдерін дайындады. Сонымен қатар көрермендер үшін сыйлық ұтып алу сияқты көптеген тосынсыйлар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070276-nauryz-almaty-tv-zana-mausymyn-bastaidy/

pixel