jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Бұл барлығын ашуландырады": ІІМ азаматтардан "кешірім сұрайтын" видеоларды жарияламайтын болды

    Камера
    Камера. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ішкі істер министрлігінің өкілі журналистермен кездесуде құқық бұзушылар кешірім сұрайтын видеоларды жариялау тәжірибесінен бас тартқысы келетінін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

    Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, ведомство жұртшылықтан кешірім сұрайтын видеолар қазақстандықтарды ашуландырады деген қорытындыға келген.

    "Көпшіліктен кешірім сұрау барлығын ашуландырады, біз мұны білеміз. Бұл тәжірибені мүлдем жоққа шығарамыз, мұндай болмайды. Азаматтар осылайша құқық бұзушыны жауапкершіліктен алшақтатамыз деп ойлайды", - деп түсіндірді Әлекешев.

    Ішкі істер министрлігі "кешірім сұрайтын" бейнероликтердің орнына жазаланғаны туралы видеоларды көрсетпек. Яғни тәртіп бұзушының, әсіресе, ол белгілі адам болса, қоғамдық жұмыстарды қалай атқарып жатқанын көрсетеді.

    "Осылайша біз адамдарға заң алдында бәрі бірдей екенін көрсетеміз", - деп қосты ІІМ өкілі.

    "Бұл барлығын ашуландырады": ІІМ азаматтардан "кешірім сұрайтын" видеоларды жарияламайтын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.