Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ірі сомада пара алған Сәтбаевтың экс-әкімі 3,5 жылға сотталды

Опубликовано:

Ақша мен кісен
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сәтбаев қаласының бұрынғы әкімі кәсіпкерден 10 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ұлытау облыстық соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сәтбаев соты экс-қала әкіміне және жеке кәсіпкер М.-ға қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады. Экс-шенеунікті қомақты мөлшерде пара алды, азамат М. қомақты мөлшерде пара берді деп айыпталған.

"2024 жылдың ақпан айында Ә. қала әкімі бола тұра, Сәтбаев қаласындағы жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетін жеке кәсіпкер М.-нан мемлекеттік сатып алу шартының сомасын ұлғайтуға және оның кеңеюіне жәрдемдесу үшін 10 млн теңге көлемінде пара алған", - делінген облыстық соттың Facebook-тегі хабарламасында.

Олардың кінәсі мойындауларымен және сотқа ұсынылған дәлелдемелердің жиынтығымен дәлелденді.

Бұл ретте сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, соттан оларға бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады.

Үкім шығару кезінде сотталушылардың кінәсін мойындауы, шын өкінуі және жас балалардың болуы жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылған.

Экс-әкімнің қабылдаған антын бұзуы оның жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жай деп танылды.

Нәтижесінде ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Азамат М. Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 200 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сәтбаев қаласы әкімдігіне қатысты бөлінетін бюджет қаржысының негізділігін, қаржыландыру жоспарының және мақсатты пайдалануын қайта қарап, үнемді пайдалануының тиісті шараларын жүргізу үшін жеке қаулы шығарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070423-iri-somada-para-algan-satbaevtyn-eks-akimi-35-zylga-sottaldy/

pixel