jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді

    Жазық дала мен көк аспан
    Жазық дала: pexels.com

    Алматы қаласының прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық Банктің пайдасына қайтарып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Алматы қаласы прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде "Capital Bank Kazakhstan" АҚ мен "AsiaCreditBank" АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады.

    "Жауап берушінің қарызы 15 миллиард теңгеден астам болды.

    Прокуратура Ұлттық банк мүддесіне, жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді", - делінген хабарламада.

    Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

    Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.