Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елтаңбаны ауыстыруға қанша қаражат керек: қаржы министрі жауап берді

Опубликовано:

Елтаңба
Елтаңба. Көрнекі фото: Andrey Rudakov / Bloomberg / Getty Images

Үкімет брифингінде қаржы министрі Мәди Тәкиевке ведомство елтаңба ауыстырылған жағдайда қанша қаражат кететінін есептеді ме деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Алдымен өзгертіле ме, соны шешіп алайық. Өздеріңіз жақсы білесіздер, шешім әлі шығарылмады. Қоғамның көпшілігі қолдаса, арнайы комиссия құрамыз... Бұл жағдайда бізге алдын ала жобалау қажет болады, бұл көп жұмыс, бірақ біз оны да есептейміз.(...)

Елтаңбаны ауыстыру біраздан бері айтылып жүргенін жақсы білесіз. Президент бұл мәселені Ұлттық құрылтайда талқылауды ұсынды. Егер қоғам бұл мәселеге жалпы қолдау білдірсе, оны ары қарай талқылау керек деді. Бұл мәселені түбегейлі қарайтын арнайы комиссия құрылып, оң шешімін тапса, қалған шығындар бойынша жұмыс жалғасады", - деді Мәди Тәкиев.

Қаржы министрі елтаңбаны өзгертуге кететін ықтимал соманы, қаржыландыру көзін де атаған жоқ.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып жүргенін, мемлекеттік нышанға қатысты ортақ келісімге келгеннен кейін Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланатынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070693-eltanbany-auystyruga-qansa-qarazat-kerek-qarzy-ministri-zauap-berdi/

pixel