jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Қарағандыда кафеге заңсыз сүргі салған полицейлер жазаланды

Кафе
Кафе. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда прокурорлар кәсіпкерге қатысты полиция орнатқан шектеу шараларын алып тастады, қазір кафе қалыпты жұмыс істеп тұр. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалау органының ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы кәсіпкерлік субъектісінің құқықтарын қалпына келтіріп, Қарағанды қаласы полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі қойған шектеулерін алып тастаған.            

"Қылмыстық іс аясында кәсіпкердің шағымын қарау кезінде кафенің қызметін мөрлеу арқылы тоқтату фактісі анықталды.

Полиция бөлімшесі кәсіпкерлік субъектісінің заңды құқықтарын бұзып, қызметін заңсыз тоқтатып, материалдық залал келтірілуіне жол берген

Прокурорлық ден қою шаралары арқылы көрсетілген нысаннан шектеу шаралары алынып тасталды, кәсіпкерлік субъектісі жұмысын жалғастырды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Қадағалау органы өкілдерінің мәлімдеуінше, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Қарағандыда кафеге заңсыз сүргі салған полицейлер жазаланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.