Павлодарда жас жігіт әлеуметтік желідегі парақшаларын өшіріп, жоғалып кетті (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русском29 жастағы павлодарлық фармацевт әлеуметтік желідегі парақшаларын өшіріп, анасына хат жазып қалдырып, жоғалып кеткен. Қазір Азамат Исмурзиновті полицейлер, еріктілер мен туыстары іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Еріктілерге ер адамның жоғалып кеткені туралы 16 наурызда анасы хабарлаған. Іздеушілер Instagram-дағы парақшасында Азамат Исмурзинов 13 наурызда үйінен тек сөмке мен ноутбук алып кеткенін айтады.
"Азамат жоғалардан бір апта бұрын әлеуметтік желілердегі парақшаларын өшіріп тастаған, ал кетер алдында барлығымен қоштасып, кешірім сұрап, бұлай өмір сүргісі келмейтінін және сүрмейтінін айтқан. Сондай-ақ ол алыста болатынын айтып, іздемеуін сұраған", – деп жазды Vita еріктілері Instagram-дағы парақшасында.
29 жастағы ер адамды бір аптадан бері көрген жан болмаған, достары мен әріптестері Азаматтың ақылды, жымиып жүретін жұмбақтау адам екенін айтқан. Ол фармацевт болып жұмыс істеп жүрген.
Павлодар облысының полиция департаменті осы факт бойынша іздестіру ісі қозғалғанын хабарлады.
"Бұл факт дереу Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Бағыттама жасалып, барлық аумақтық бөлімшеге және жақын маңдағы облыстарға жолданды. Автобустар мен вокзалдар тексерілді, такси жүргізушілеріне фотосурет көрсетіліп, сұрау салынды, сондай-ай қалааралық рейстердің жүргізушілерін анықтау, сұрау салу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді ведомство өкілдері.
Жоғалған күні ер адам үстіне қою жасыл күртеше, кең жейде мен сұр шалбар, аяғына ашық қоңыр түсті шолақ бәтеңке киіп шыққан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070819-pavlodarda-zas-zigit-aleumettik-zelidegi-paraqsalaryn-osirip-zogalyp-ketti-foto/