Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды

Опубликовано:

Самат Әбіш
Самат Әбіш. Фото: ҰҚК-нің ресми сайты

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook парақшасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш шартты түрде сотталғанын жазып, жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"26 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды", – деп жазды мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook парақшасында DAT газетінің скриншотын қоса беріп.

Сондай-ақ Бапи Facebook желісінде жариялаған жазбасында Самат Әбіш генерал атағы мен мемлекеттік марапаттардан айырылғанын, алайда жеке мүлкі тәркіленбегенін жазды.

Айта кетейік, "Параграф" ақпараттық-іздестіру жүйесінің сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ермұрат Бапи 1998 жылдан 2003 жылға дейін DAT атты басылым жобасын басқарған, сонымен қатар СолDAT газетінің бас редакторы болды.

Былтыр наурыздан бастап 8-ші шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071101-nazarbaevtyn-nemere-inisi-samat-abis-sartty-turde-8-zylga-sottaldy/

pixel