Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айка тізімі": Алматыда "эскорт бизнесін ұйымдастырушыға" қатысты сот басталды

Опубликовано:

таразы
Таразы. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жезөкшелер үйін ұйымдастырды және заңсыз есірткі сақтады деп айыпталған қызға қатысты сот басталды. Бұл туралы еліміздің Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бас көлік прокуратурасы М.А.А.-ға қатысты Алматы қаласы Әуезов ауданының сотына Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі 1-тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық істі жолдады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігі (Бірнеше рет жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды" , - делінген Бас көлік прокуратурасы хабарламасында.

Олар бұрын "VIP сутенер" және Love Aika атымен танылған блогер Айка туралы айтылғанын растады. Ол 2023 жылғы 6 маусымда Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен ұсталды.

"Айка тізімі" деп аталатын тізім интернетте де тарады. Тізімде қазақстандық танымал тұлғалар, бизнесмендер, ірі қаржы институттарының қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен қауіпсіздік қызметкерлерінің есімі жазылған.

Алайда кейіннен құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздері бұл тізімнің бар екенін жоққа шығарып, оның бопсалау үшін таратылған жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071578-aika-tizimi-almatyda-eskort-biznesin-uiymdastyrusyga-qatysty-sot-bastaldy/

pixel