Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты жаңбыр, тұман": мереке күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қолшатыр ұстаған қыз бен жігіт
Жаңбырлы күн. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 21-23 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, елдің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады

Алдағы мереке күндері еліміздің батысы мен солтүстігіне антициклон әсер етеді. Бұл өңірлерде негізінен жауын-шашын болмайды және түнгі ауа температурасы -10...-18 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Бірақ күндіз күн жылынып және термометр бағаны нөлден жоғарылайды.

Циклонның ықпалынан республиканың орталық, оңтүстік және шығыс аймақтарында жаңбыр жауады.

Кей уақыттарда қатты жаңбыр, таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, және желдің күшеюі күтіледі.

Синоптиктер мереке күндері елімізде тұман мен көктайғақ болады деп болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071611-qatty-zanbyr-tuman-mereke-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel