Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жатақхана пәтерлерін жекешелендіремін деп елді алдаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда азаматтардың сеніміне кіріп, ақшалай сыйақыға жатақханадағы пәтерлерді жекешелендіріп беруге уәде еткен күдікті қамалды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлайды.

Басылым мәліметінше, азаматтардың сеніміне кірген күдікті алматылықтарға ақшалай сыйақы үшін жатақханаларын жекешелендіріп беруге уәде еткен.

Ол жатақханадағы пәтерлерді сатып алып, заңдастыруды, қажет болған жағдайда қоғамдық қор арқылы несие алуды ұсынған. Бірақ бұл "қызметтер" үшін алдымен ақы төлеу керек болды.

"Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Полиция қызметкерлері зардап шеккендер мен алданғандар көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-702-646-43-46; 8-778-591-91-35 және 8-778-481-19-00.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071629-almatyda-zataqxana-paterlerin-zekeselendiremin-dep-eldi-aldagan-kudikti-ustaldy/

pixel