Жетісу облысында арнайы жасақ тұрғынның пәтеріне қарумен басып кірді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖетісу облысында тәртіп сақшылары "синтетика" сатты деген күдікпен әйелді ұстады. Пәтерге тінту жүргізіліп, тергеу басталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, күдіктіні есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ұстаған.
"Қыз "синтетика" затын сату кезінде қылмыс орнында ұсталды", - деп хабарлады ІІМ.
Құқық қорғау қызметкерлері қыздың тұратын пәтерінде тінту жүргізілгенін, тергеу амалдары басталғанын мәлім етті.
"Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту кезінде альфа-PVP психотроптық заты табылып, құрамында есірткі бары тиісті сараптамамен расталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі заттарды заңсыз сату фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Жетісу облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Жұмабаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071659-arnaiy-zasaq-zetisu-oblysy-turgynynyn-paterine-qarumen-basyp-kirdi-video/