jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жетісу облысында арнайы жасақ тұрғынның пәтеріне қарумен басып кірді (видео)

    Тінту жұмыстары
    Тінту жұмыстары. Видеодан кадр: polisia.kz

    Жетісу облысында тәртіп сақшылары "синтетика" сатты деген күдікпен әйелді ұстады. Пәтерге тінту жүргізіліп, тергеу басталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, күдіктіні есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ұстаған.

    "Қыз "синтетика" затын сату кезінде қылмыс орнында ұсталды", - деп хабарлады ІІМ.

    Құқық қорғау қызметкерлері қыздың тұратын пәтерінде тінту жүргізілгенін, тергеу амалдары басталғанын мәлім етті.

    "Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту кезінде альфа-PVP психотроптық заты табылып, құрамында есірткі бары тиісті сараптамамен расталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі заттарды заңсыз сату фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Жетісу облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Жұмабаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.