Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш өнер көрсетті: Алматыда Тоқаев қатысқан мерекелік шара қалай өтті (фото)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген сахнада
Димаш Құдайберген сахнада. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Алматыдағы "Астана" алаңында өткен мерекелік шарада қала тұрғындары мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында өнер көрсетті. Өнер иесінің суреттері Ақорданың ресми Telegram-каналында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оңтүстік астанада Наурыз мейрамына орай үлкен мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Алматылық талантты жастар ән шырқап, би билеп, түрлі қойылымдарды көрсетті. Сонымен қатар "Астана" алаңында мерекелік керуін жүріп өтті.

Қала тұрғындары мен қонақтары арбадағы киіз үйді, қыз күймесін, қоржынға жібек мата мен кілем артқан түйелерді, салт атты батырларды, құмай тазылар мен мергендерді көрді.

Оған қоса концерттік шара кезінде мемлекет басшысы алдында Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071893-dimas-oner-korsetti-almatyda-toqaev-qatysqan-merekelik-sara-qalai-otti-foto/

pixel