jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

СҚО-да 2 оқушы зейнеткерді өртеніп жатқан үйден аман алып шықты

Оқиға орны
Өрт-сөндіру жұмыстары. Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Солтүстік Қазақстан облысы, Шағалалы ауылында пәтер өртеніп, 68 жастағы азаматты мектеп оқушылары құтқарып қалды. Бұл жайлы төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, зейнеткерді құтқарған орта мектептің оқушылары 16 және 17 жаста.

"Шағалалы ауылында көппәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт болды. Өрт алаңы 1 шаршы метр. Өрт болған жерге өрт сөндірушілер келгенше, Чаглин орта мектебінің 16 және 17 жастағы екі оқушысы 68 жастағы азаматты құтқарды.

Өрт жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандықтан шыққан", – деп хабарлады министрлік.

СҚО-да 2 оқушы зейнеткерді өртеніп жатқан үйден аман алып шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.