Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүре алмай қалған": Қарағанды облысында адасып кеткен бір отбасы мүшелері табылды

Опубликовано:

Жазық дала мен көк аспан
Жазық дала: pexels.com

Қарағанды облысында бір отбасы мүшелері айдалада адасып кетті. Төтенше жағдайлар департаменті жоғалған азаматтардың табылғанын мәлім етті, деп жазады төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Департамент мәліметіне сүйенсек, бір ер адам аяғын басып, жүре алмай қалған.

"Қарағанды облысы, Шахан кентінде үш адамнан тұратын отбасын іздестіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтар Шахан кентінен 3 км қашықтықтағы дала массивімен үйге бара жатқанда адасып кеткен. Бұл ретте ер адам аяғымен басып, жүре алмай қалған.

Төтенше жағдайлар департаменті іздестіру тобы жоғалған азаматтарды тауып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды", – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2072163-zure-almai-qalgan-qaragandy-oblysynda-aidalada-adasyp-ketken-bir-otbasy-museleri-tabyldy/

pixel