Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында лай көшкіні жүрді (видео)

Опубликовано:

Лай көшкіні
Лай көшкіні. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Алматы облысының тұрғындары әлеуметтік желіде ауа-райының қолайсыздығы салдарынан болған лай көшкінінің видеосын бөлісті. Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында оқиғаның мән-жайын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Kris_p_almaty Telegram-дағы арнасында жарияланды.

Жергілікті тұрғын түнде таудан су ағыны түскенін көрсеткен. Ал таңертең видео авторы оқиғаның салдарын көрсетті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Қарғалы ауылының үстінде орналасқан Ұзынқарғалы өзенінің бассейнінде қатты жауған жаңбыр салдарынан сол жақ шатқалдан еңіс ағыны ағып, жергілікті маңызы бар жол арқылы өтіп, өзен суына қосылған.

"Қарғалы ауылынан жоғары сол жақ шатқалдан 2,4 шақырым қашықтықта "Ұзынқарғалы" өзенінің бассейнінде жергілікті жерде нөсер жаңбырдың қарқынды түсуі салдарынан  көлбеу ағын пайда болды. Ол жергілікті маңызы бар жол арқылы өтіп, "Ұзынқарғалы" өзеніне құйылды.

Бұл ретте өзендегі су транзиттік режимде ағуда, ағызылған көлбеу ағыны өзен арнасын бөгемеді. "Қарғалы ауылы – Ұзынқарғалы бөгеті" автожолының учаскесінде балшық массасы шөгінді, жол төсемі бүлінбеген, өту жолы бар. Балшық массасының көлемі анықталуды", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2072196-almaty-oblysynda-lai-koskini-zurdi-video/

pixel