Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жол опырылып кетті (видео)

Опубликовано:

Алматыда жол опырылды
Алматыда жол опырылды. Видеодан кадр: facebook.com/Dakentiy

Алматының Медеу ауданында жол опырылып, құлады. Оқыс оқиға топырақтың батпақтануынан болған. Әкімдік жағдайды мәлім етті, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Оқиғаның видеосын Данияр Өмірзақов есімді Facebook қолданушысы жариялады. Видеодан жолдың опырылып, апат болған жердің қоршалғанын көрсетеді.

Медеу ауданы әкімдігінің хабарлауынша, топырақтың батпақтануы салдарынан Жамақаев көшесінің бойындағы жол жиегінде үзік-үзік қираулар орын алған.

"Жеке инженерлік желілер ішінара зақымданды. Үзілген су беру жүйесі қалпына келтірілді. Мамандар оқиға орнын тексеріп, болған жағдайдың салдарын жоюда", - деп хабарлады әкімдік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2072259-almatyda-zol-opyrylyp-ketti-video/

pixel