jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы облысының Талғар ауданында топырақ құлады: үйлерге зақым келді

    Талғар бөгеті
    Талғар бөгеті. Фото: kazselezashita

    23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығы маңында топырақ құлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, 23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығында жаңбыр мен қарлы жауын-шашын жауыы салдарынан топырақтың батпақтанып, тау баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

    Топырақ аяқталмаған қорғаныс қоршауының шетінен өтіп кеткен (биіктігі 4 м бетон тіреу қабырғасы). Құлаған топырақ салдарынан үйдегі терезе сынған, сонымен қатар жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша тұрған құрылысқа (үй шаруашылығына) ішінара зақым келтірді.

    "Түскен топырақтың болжамды көлемі - 500 текше метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі үйде 9 адам тұрады.

    Оқиға орнында ТЖ бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері екі көшені аралау жұмыстарын ұйымдастырды. Тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін Қазселденқорғау қызметкерлері ескерту хабарламасын берген болатын" , - делінген хабарламада.

    Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ 1 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 10 қызметкері мен 2 техникасы, 2 жедел жәрдем бригадасы жеткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.