jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Шымкент МӨЗ жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды: елде бензин тапшылығы болуы мүмкін бе

Мұнай өңдеу зауыты
Мұнай өңдеу зауыты. Фото: t.me/kmgpress

25 наурызда Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды. Бұл туралы "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық компанияның Telegram арнасындағы ақпаратынша, бұл жұмыс кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында және Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

"Зауытта жұмыс басталған уақытта ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі тиеп, жөнелту үшін барлық өнім желісінің жеткілікті қоры жинақталды.

Бұл ретте Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде отын өндіруді жалғастырады", - делінген хабарда.

Басшылық жұмылдырылған мердігер ұйымдармен жоспарлы алдын алу жұмыстары бойынша алғашқы жиын өткізген. Сондай-ақ жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау міндеттері қойылған.

Шымкент МӨЗ жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды: елде бензин тапшылығы болуы мүмкін бе

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.