jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы тауларында жоғалған екі турист табылды

    Тауда жалғыз жүрген адам
    Тауда жалғыз жүрген адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы тауларында 19 жастағы екі жігіт адасып кетіп, көмек шақырған. Құтқарушылар оларды тауып алды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында.

    ТЖМ мәліметінше, жоғалғандарды іздеуге 4 қызметкер және 1 кинологиялық есеп Медеу ауданы Үлкен Алматы шатқалына аттанған.

    19 жастағы екі жігіт ТЖД кезекшісіне олардың орналасқан жері туралы видео жіберген. Құтқарушылар оларды табуға бір сағаттан аз уақыт жұмсаған.

    "Оқиға орнына келгеннен кейін құтқарушылар жас жігіттердің бірі аяғын көгерткенін анықтады. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды", - делінген хабарда.

    Осы ретте министрлік егер тауда адасып қалсаңыз, 112 нөміріне қоңырау шалу қажет екенін ескертті.

    Алматы тауларында жоғалған екі турист табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.