Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазмұнайгаз" өкілі қазақстандық МӨЗ-дерді жекешелендіру туралы ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Мұнай өңдеу зауыты
Мұнай өңдеу зауыты. Көрнекі фото: pixabay.com

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын жекешелендіруге қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы ҚМГ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Макеевтің пікірі ұлттық компанияның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

"Бүгін әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та Атырау мұнай өңдеу және Павлодар мұнай-химия зауыттарын жекешелендіру жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеймін. Бұған қатысты келіссөз жүргізілген емес. ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарында барлық өндірістік процесс штаттық режимде жүріп жатыр", - деп хабарлады Дмитрий Макеев.

Еске сала кетейік, Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Олар: Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ ЖШС), Шымкент МӨЗ, Павлодар мұнай-химия зауыты ("ПМХЗ" ЖШС).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073138-qazmunaigaz-okili-qazaqstandyq-moz-di-zekeselendiru-turaly-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel