Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: ТЖМ Ақтөбе облысының тұрғындарын эвакуациялап жатыр

Жарияланған күні:

Эвакуация жұмыстары
Эвакуация жұмыстары: t.me/qr_tjm

Ақтөбе облысының Қанай ауылында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпаратынша, қазір Ақтөбе облысының Қанай ауылында жергілікті тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Мұның себебі, еріген қар суы мен жауын-шашынның көп болуы. АҚО қызметкерлері мен ТЖМ әскери қызметшілері жүзу құралдарының көмегімен азаматтарды қауіпсіз орындарға жеткізуде.

Сонымен бірге министрлік елімізде су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатқанын мәлімдеді.

"Өткен тәулікте ТЖМ және әкімдіктердің күшімен шамамен 60 мың текше метр еріген қар суы сорылды, үш мыңнан астам қап төселді. "Жедел желі" телефондары жұмысын жалғастыруда. Республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істеуде", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073999-su-tasqyny-tzm-aqtobe-oblysynyn-turgyndaryn-evakuaciyalap-zatyr/