Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде ақтаулық "жол патшайымының" видеосы қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Жол оқиғасы
Жол оқиғасы. Фото: instagram.com/6loveavto

Ақтауда көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзған видеосы әлеуметтік желіде тарап, қазақстандықтардың ашуын тудырды. Маңғыстау облысының ПД оқиғаға қатысты түсінік берді.

Instagram желісінде тараған видеодағы көлік жүргізуші әйелдің әрекетін желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.

"Ол өзін патшайым санайтын сияқты!" – делінген хабарламада.

Қызыл көлік жүргізушісі маневрмен төтенше жағдай туғызып қана қоймай, бұрылғаннан кейін видео авторына жол бергісі келмеген.

Сонымен қатар жол ережесін бұзушы видеоның авторын қуып жетіп, "жол бермедің" деп жанжалдасып қалған.

"Көрмей тұрсыз ба? Мен бұрылып жатырмын. Екінші жолақта бос орын бар ғой", – дейді қызыл көліктегі қыз.

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Ол қазірдің өзінде 1,3 миллионнан астам қаралым мен 1000 пікір жинады. Қолданушылар екіге бөлінді: біреулері видео авторын қолдаса, енді біреулері қызыл көліктегі қызды қолдады.

"Адам бұрылып жатыр, неге жылдамдықты арттырып, төтенше жағдай жасау керек?" – деді қолданушылардың бірі.

"Ол тұтас қос сызықтан бұрылып жатыр, бұл қалай болғаны? Онысымен қоймай, ақыл айтады", – деді тағы бір желі қолданушысы.

Маңғыстау облысының ПД Ақтауға барар жолда болған оқиға туралы айтты.

"Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін анықтап, сол күні төтенше жағдай туғызғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074026-zelide-aqtaulyq-zol-patsaiymynyn-videosy-qyzu-talqyga-tusti/

pixel