jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыда қару ұстаған адамдар тұрғынды қорқытты (видео)

    Қару ұстаған адам
    Қару ұстаған адам. Видеодан кадр: instagram.com/taldykorgan_today

    Алматының орталығында қарулы адамдар ұсталды. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады. Бұл жайтқа қатысты қалалық ПД өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнынан түсірілген видеолар Instagram желісіндегі taldykorgan_today паблигінде жарияланған. Жазбада Алматыда қарулы екі адамның ұсталғаны айтылады.

    Жарияланған видеода ер адамдардың бірі оқиға орнынан келіп жеткен полиция қызметкеріне қаруды беріп жатқанын байқауға болады. Екінші ер адам жағдайды түсіндіріп, олар ештеңе істемегенін, ешкімге зиян тигізбегенін айтады. Оның айтуынша, қару тирден (нысананы көздеп атуға жабдықталған орын - ред.) алынған.

    Видеоға түсіріп алған әйел полицияға көшеде қарулы адамдарды көргенде қорқып кеткенін айтқан. Ол жақында Ресейде болған қайғылы оқиғаға байланысты алаңдап, полицияға хабарлағанын жеткізген.

    Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтты.

    "Бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп, тексерістен кейін азамат А.-ның қолында пневматикалық қару болғаны анықталды. Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді полиция өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.