Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Скляр, Әрінов және облыс әкімдері үкімет басшысына су тасқынына қатысты ахуалды баяндады

Опубликовано:

Олжас Бектенов
Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Олжас Бектенов премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, төтенше жағдайларі министрі Шыңғыс Әріновтің және жекелеген өңір әкімдерінің баяндамасын тыңдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет басшысына қар мен мұздың күрт еруіне байланысты және су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында өңірлерде қалыптасып отырған ахуал туралы баяндалған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жұмыстарға жеке құрамнан 2500 адам, 700-ге жуық техника, 290-нан астам су айдау және жүзу құралдары жұмылдырылған. Жұмыстар іс-қимыл алгоритміне сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ ТЖМ "Жедел желі" телефондарын іске қосқан. Жедел желі телефоны: 8 717 2 70 41 14

Бұдан бөлек өңірлік байланыс орталықтары жұмысын жалғастыруда.

Сондай-ақ Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында және Астана қаласында республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыру және елдегі ахуал туралы тәулік сайын есеп беру тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074215-su-tasqyny-sklyar-arinov-zane-oblys-akimderi-ukimet-bassysyna-esep-berdi/

pixel