Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор Бишімбаевтың қылмысқа баруына не түрткі болғанын айтты

Жарияланған күні:

Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Сот отырысының трансляциясынан скриншот: KAZ.NUR.KZ

Астанада Бишімбаев ісі бойынша басты сот отырысы басталды. Қылмыстық іс бойынша Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа айып тағылып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айыптау актісін оқыған прокурор Салтанат Нүкенова қайтыс болған күн туралы айтып берді.

"2023 жылы 8 қарашада Бишімбаев, Нүкенова және оның құрбысы Дима Биланның концертіне барды, сол жерде Бишімбаев Нүкеноваға болмашы нәрсеге бола ұрыс шығарып, концерт бітпей жатып залдан шығып кетті. Олар Bau гастроорталығына жаяу барды. Олар бесінші VIP-залға кіріп, алкогольдік сусындарға тапсырыс берген. Жанжал кезінде Нүкенова мұндай қарым-қатынастан шаршағандықтан кетуге шешім қабылдағанын айтқан.

Нүкенова ағасына хабарлама арқылы түнеуге келетінін жазып, такси шақырмақ болған. Ішімдік ішкеннен кейін Бишімбаев екеуі мекемеден шыққан, бірақ Бишімбаев оны ағасына жібермеген, мейрамханада болып, әрі қарай жанжалды жалғастырған. Олар қайтадан асхана арқылы VIP-кабинаға көтерілген", - дейді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, залда сол түні жұмысшылар жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан.

"Екеуі спирттік ішімдік ішуді жалғастырған, содан Бишімбаев тағы да Нүкеноваға тіл тигізіп, сатып әперген зергерлік бұйымдары мен киімдерін міндетсіне бастаған. Нүкенова сол арада іш киімінен басқа киімін және зергерлік бұйымдардан шешіп, залға лақтырып жіберген. Бишімбаев оған қол көтеріп, денесіне жарақат сала бастаған. Содан кейін Нүкенованы үстіне күрте кигізіп, автотұраққа алып шығып, өзі рульге отырған, бірақ аумақтан шыға алмай, жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен. Сол уақытта оны күзетші көріп, автокөлікті тоқтатқан. Бишімбаев үйіне кете алмай қалғанына ашуланып, Нүкенованы ұстап алып, мейрамханаға көтерілген. Бойын қызғаныш сезімі билеп, агрессия жағдайында болған, сондықтан қылмысқа бару ниеті пайда болған", - дейді прокурор.

Прокурордың айтуынша, Бишімбаев залға қайтып келіп, Нүкенованы ұра бастаған, ол алған соққыдан еденге құлаған, Бишімбаев оны теуіп, басын көтеріп ұстап тұрып, жұдырықпен ұрған, кейін vip-залға шашынан сүйреп апарған.

Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, Нүкенова VIP-кабинаның дәретханасына кіріп, есігін ішінен жауып алған, осылайша одан бетер Бишімбаевтың ашуын тудырған. Ол есікті алдымен қолымен, сосын темір штативпен соққылай бастаған. Шығарып алған соң Нүкенованы да сол затпен ұрған. Содан кейін мойынын қысып, тұншықтырған, сол сәтте Нүкенова есінен танған. Кейін есін жиғанда тағы да соққы жасаған. Тынысы тоқтағанша ұрған дейді прокурор.

"9 қараша түске қарай Бишімбаев қылмысы әшкере болатынынан қорқып, гастро-орталық директоры болған туысын шақырып алып, оған орталық қызметкерлерін үйіне қайтару және бейнематериалдарды жою туралы бұйырады. Одан бөлек Нүкенованың ағасы геолокациясын аңдитынын білгендіктен оған телефонды үйіне апарып, кейін жолай фитнес-залға соғу туралы тапсырма береді", - дейді прокурор.

Салтанат Нүкенованың өлімі

Еске сала кетейік, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова дене жарақаты салдарынан қайтыс болды. Бұл істе Бишімбаев ұрып-соқты деген, кейін кісі өлтіррді деген күдікке ілінді.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Нүкенова қайтыс болған гастро-орталығының директоры да қамауға алынды. Ол қылмысты жасырды деген күдікке ілінді.

Бұған дейін марқұмның ағасы Нүкенова да Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың ашық өтуін талап етіп отырғанын, өйткені марқұмның отбасы сот процесіне Бишімбаевтар отбасының ықпалынан қауіптенетінін мәлімдеген.

Қаңтардың басында Бишімбаев ісі бойынша тергеу аяқталғаны белгілі болды.

Ішкі істер министрлігі тергеу қандай баптар бойынша жүргізілгенін де айтты: экс-министрдің өзі екі бап ббойынша – кісі өлтіру және азаптау, ал туысы қылмысты жасырды деп айыпталуда.

26 ақпанда Астана қалалық сотының баспасөз қызметі өкілдері Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істің жай-жапсарын айтып берді.

Айта кетейік, Бишімбаев істі алқабилер соты қарағанын сұраған.

Айыпталушыға қатысты істі бүгін таңдалған 12 адамнан тұратын алқабилер соты қарайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074290-prokuror-saltanat-nukenova-qaitys-bolgan-kungi-zagdaidy-aitty/