Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда төтенше жағдай жарияланды

Опубликовано:

БҚО-дағы су тасқынымен күрес жұмыстары
БҚО-дағы су тасқынымен күрес жұмыстары. Фото: ТЖМ

Оралда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Оралда 20 тұрғын үйді, үш әлеуметтік нысан мен бес көпқабатты үйдің жертөлелерін су басқан. Кейінгі аптада жергілікті байланыс орталықтарына мыңнан астам қоңырау келіп түскен.

Қазір облыста су тасқынына қарсы жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Барлық коммуналдық қызмет жұмылдырылған. Сондай-ақ су сорғыту жұмыстары жалғасуда.

"Кәріз желілеріндегі апаттың алдын алу және іргелес ғимараттарды су басу қаупін болдырмау үшін коммуналдық қызметкерлер үйлердегі су қысымын төмендетті", - делінген хабарламада.

Бұл ретте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласына қарасты Зашаған кентіндегі су басқан шағын аудандарды, Саратов тас жолындағы су каналдары жүйесін, сондай-ақ қаланың ескі орталығындағы көшелерін аралаған.

"Өңір басшысы қаланың су басқан қауіпті аймақтарын өзі аралап көріп, тиісті жұмыстарды күшейтілген режимде жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар Нариман Төреғалиев облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне, қала әкімдігіне және коммуналдық сала мамандарына тез арада еріген және жаңбыр суын сорғытуды, құм салынған қапшықтарды төсеуді, су каналдары мен құбырларын тазартуды тапсырды.

Сондай-ақ облыс әкімі су тасқынына қарсы жұмыстардың қатаң бақылауда екенін атап өтті. Қазір су тасқынының алдын алу жөніндегі облыстық арнайы штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр", - деді қала әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074347-oralda-totense-zagdai-zariyalandy/

pixel