Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мас күйде аялдама әйнегін сындырған тұрғын 74 мың теңге шамасында айыппұл төлейді

Опубликовано:

Астанадағы аялдама
Астанадағы аялдама. Көрнекі фото: astana.gov.kz

Астаналық тұрғын мас күйде аялдаманың әйнегін сындырған. 30 жастағы ер адам айыппұл төлейді, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, 28 қаңтарда сағат 02:00-де мас күйдегі астаналық азамат аялдаманың кіреберіс есігінің әйнегін қасақана қолымен ұрып, сындырған.

Cодан кейін ол залалды өтеуге мәжбүр болды. Полиция 30 жастағы вандалдың жеке басын анықтаған. Ол әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен оған 20 АЕК, яғни 73 840 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074413-astanada-mas-kuide-ayaldama-ainegin-syndyrgan-turgyn-74-myn-tenge-samasynda-aiyppul-toleidi/

pixel