Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жол бойындағы асфальт опырылып қалды

Опубликовано:

Опырылған асфальт
Опырылған асфальт. Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбе қаласында жол учаскелерінің бірінде асфальт опырылып қалды. Бұған қатысты облыс әкімдігінің өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, асфальттың опырылуы Есет батыр тұрғын алабындағы жол учаскесінде болған.

"Қазмұнайгаз" жанар-жағармай құю бекетінен бастап жол жабық. Көліктер уақытша Қарғалы тұрғын алабы және Кірпішті ықшамауданы арқылы жүретін болады.

12-шағын аудандағы айналма жолдың тұсынан мал базарға апаратын жол жабық. Бұл бағыттарда жол қозғалысы бір-екі күннің ішінде қалпына келтіріледі", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, наурыз айының басында Шымкент маңында теміржол көпірінің бір бөлігі опырылып түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074473-aqtobede-zol-boiyndagy-asfalt-opyrylyp-qaldy/

pixel