Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр қылмыс жасаған қазақстандықтар Түркияда бес жыл бойы жасырынып жүрген

Опубликовано:

Кісен
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы әуежайында ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматтары ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы прокуратурасы заңнаманы нақтылау арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген екі Қазақстан азаматын өз еркімен қайтарды.

Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам уақыт тергеу органдарынан жасырынып жүрген", – деп хабарлады прокуратура.

Қазақстандықтар Алматы әуежайында ұсталды. Қылмыстық іс бойынша екі айыпталушы да уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетсек, бұған дейін есірткі өндіріп, сатқаны үшін іздеуде жүрген ресейлік азаматтың Астанада ұсталғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074803-auyr-qylmys-zasagan-qazaqstandyqtar-turkiyada-bes-zyl-boiy-zasyrynyp-zurgen/

pixel