jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында тұрғаны рас па

Ерлі-зайыпты
Ерлі-зайыпты. Көрнекі фото: pexels.com

Ұлттық статистика бюросы ажырасу бойынша Қазақстан әлемде екінші орында тұр деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы бюро Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Ажырасу коэффициенті 4.6 тең Қазақстан Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құрады. 2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады – тиісінше 2,56 және 2,54. 2023 жылдың қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады", - делінген хабарда.

Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдағанын айтты.

Сондай-ақ бюро өкілдері ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында тұрғаны рас па

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.