Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау әуежайында 116 мың долларды заңсыз өткізбек болған

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтау әуежайында шамамен 116 мың АҚШ долларын заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері Ақтау халықаралық әуежайында шетел валютасын алып өтудің 7 әрекеті анықталған. "Әуежай-Ақтау" кеден бекетінің қызметкерлері Грузия мен Иран бағытындағы халықаралық рейстерді бақылау кезінде жеті қазақстандықтан жалпы сомасы 115 770 АҚШ долларын құрайтын жасырын ақшаны анықтады.

Сондай-ақ кедендік ресімдеу кезінде декларацияланбаған қаражатты анықтағанға дейін азаматтар қолма-қол шетел валютасын декларациялаудың қажеті жоқтығын ауызша мәлімдеген.

Аталған фактілер бойынша ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігімен іс қозғалып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Декларацияланбаған долларлар иелеріне қайтарылды.

"Президенттің жарлығына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады. Жоғарыда көрсетілген норманы бұзу сомасына қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – деп еске алды кеден бекетінің басшысы Бақытжан Бердібеков.

ҚР ӘҚБК-нің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және жазбаша декларациялауға жататын ақшалай қаражатты және ақша құралдарын декларацияламауы немесе анық емес декларациялауы 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074857-aqtau-auezaiynda-116-myn-dollardy-zansyz-otkizbek-bolgan/

pixel