Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезіндегі кішкентай қыздың өлімі: әскери қызметшіге қайта үкім шықты

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасы
Алматыдағы Қаңтар оқиғасы кезінде алаңда тұрған күштік құрылымдар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Апелляциялық сот Қаңтар оқиғасы кезінде қызды атқан әскери қызметкердің ісін қарады. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғары соттың ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот әскери қызметшінің іс-әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты оны ақтаған.

Қылмыстық іс жабық сот отырысында "құпия" белгісімен қаралған. Апелляциялық сот алқасы жәбірленуші тараптың шағымдары мен прокурордың наразылығы негізінде істі қайта қарады.

"2022 жылғы 7 қаңтарда сағат 19.30 шамасында сотталушы Ж. блок бекетінде бола тұра, оның қарамағындағы әскери қызметшілерге блок бекетіне жақындап келе жатқан автокөлікке оқ ату туралы заңсыз бұйрық берген. Оқ жарақаты салдарынан жас бала (2017 ж.т. А. Мелдехан) қайтыс болып, ал кәмелетке толмағанға (2006 ж.т. Ж.Мелдехан) 5 оқ жарақатынан денсаулығына ауыр зиян келтірілген", – делінген сот отырысының хабарламасында.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, яғни жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындылары және заттай дәлелдемелерімен дәлелденді.

Әскери соттың сот алқасы ақтау үкімінің күшін жойып, жаңа айыптау үкімін шығарды, оған сәйкес Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша Ж. кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сот алқасы Қорғаныс министрінің атына әскери қызметшілердің жол берген заңбұзушылықтары, сондай-ақ оларды жою және одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдау үшін қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы жекеше қаулы шығарды.

Апелляциялық үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074893-qantar-oqigasy-kezinde-kiskentai-qyzdyn-olimi-appelyaciyalyq-sot-askeri-qyzmetsige-qatysty-qaita-ukim-sygardy/

pixel