jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алаяқтар қазақстандықтарды 4 миллиард теңгеге алдап кеткен

    карта
    Банк картасы. Көрнекі фото: pexels.com

    ОКҚ-да өткен брифингте ІІМ өкілдері қазақстандықтардың миллиардтаған теңгеге алданған фактілері туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ІІМ мәліметінше, биыл жыл басынан бері алаяқтардың әрекетінен қазақстандықтарға келтірілген залалдың жалпы сомасы 4 миллиард теңгені құраған және интернетте 3 мыңнан астам алаяқтық фактісі тіркелген.

    "Біріншіден, алаяқтардың құрбаны болмас үшін сенімді жарнама сайттарын пайдалану маңызды.

    Екіншіден, төлемді тауарды алғаннан кейін жасау керек.

    Үшіншіден, тауардың бар-жоғын тексеріп алған жөн. Мысалы, бейнеқоңырау жасап білуге болады. Егер сатушы басқа қалада болса, достарыңыздан немесе туыстарыңыздан тауарды алып, тексеруді сұрауыңыз керек", – деп кеңес берді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің киберқылмыспен күресу орталығының басшысы Жандос Сүйінбай.

    Бас прокуратураның заңдылықты қадағалау және қылмыстық қудалау департаментінің аға прокуроры Дәулет Ахметов атап өткендей, жүздеген қазақстандық ресейлік алаяқтардан зардап шеккен.

    "Біз сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілім жүйесін жетілдірдік, қажетті мәліметтерді қостық, бұл 500-ден астам істің шешілуіне ықпал етті. Еліміздің 500 азаматы Ресейден әрекет ететін интернет-алаяқтардың құрбаны болды", - деді спикер.

    ІІМ сондай-ақ Украина қазақстандықтарды алдап жүрген алаяқтар арасында "көшбасшы" екенін айтты.

    Алаяқтар қазақстандықтарды 4 миллиард теңгеге алдап кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.