Алматыны шаңды дауыл басып қалды (фото, видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Бүгін, 28 наурызда кешке Алматыда ауа райы күрт бұзылды. Аспанды бұлт торлап, жел күшейіп, қаланы шаңды дауыл басты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматылықтар қаладағы қолайсыз ауа райы салдарының фото-видеолар жариялауда.
Алатау ауданындағы "Әйгерім" ықшамауданының тұрғындары дыбысты естігенін, одан кейін кейбір адамдар электр қуатынсыз қалғанын хабарлады.
Сондай-ақ қалада найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауды - кейбіреулер оны тропикалық жаңбырмен салыстырды.
Айта кетейік, синоптиктер бүгін Алматыда жаңбыр жауып, жел күшейеді деп болжаған еді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2074980-almatyny-sandy-dauyl-basyp-qaldy-foto-video/