Алматыдағы шаңды дауыл: ТЖД қызметтің күшейтілген түріне ауыстырылды
Жарияланған күні:
Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты азаматтық қорғау қызметтері мен мердігер ұйымдар дайындыққа келтірілді. Бұл туралы қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы ТЖД баспасөз қызметінде хабарланғандай, ТЖД күштері мен құралдары қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына, ауыстырылып, жоғары дайындық деңгейіне келтіріліп, жедел топ жұмысы құрылды.
Ведомствоның мәліметінше, 29 наурызда Алматы тауларында қатты жауын-шашын, нөсер жаңбыр жауады. Жел Батыстан соғып, найзағай кезінде желдің екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.
"Қала қонақтары мен туристеріне жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды және тауға шығудан бас тартуды қатаң түрде ұсынамыз. Сақ болыңыздар! Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар! Дауыл кезінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы ескерту болса, тауда серуендеуді ауа райы қолайлы болғанша кейінге қалдырған дұрыс", – делінген ТЖД хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074995-almatydagy-sandy-dauyl-tzd-qyzmettin-kuseitilgen-turine-auystyryldy/